top of page

Орманда кездескенше

“Орманда кездескенше” жобасы өнер мен мультимедиялық технологияны біріктіретін иммерсивті сауда кеңістігі ғана емес, сонымен қатар, ең әсерлі қайырымдылық науқандарының бірі болды. Шара аясында сатылымнан түскен барлық ақша көру қабілетінің жеткіліксіздігін диагностикалау және жаңа туған нәрестелер соқырлығының алдын алу жабдықтарын сатып алу үшін AYALA қорына жіберіледі. Жаңа жылға арналған арнайы жоба ғажайыптың болатынын еске салып, нағыз жаңа жылдық ғажапқа айналды. Оны жасау өз қолымызда.

Санат

Әлеуметтік импакт 

Өнер арқылы импакт

Тұтынушы

VILED

Импакт

10 000 + кісілік аудиторияны қамту

DSC_7672.jpg

1 желтоқсанда Faenomen агенттігі Esentai Mall-да VILED @viledkz үшін Pop-Up Store Saks Fifth Avenue арнайы жобасын ұсынды. Бұл — келген қонақтың барлық сезім мүшелерін ояндыратын, ертегі орманының атмосферасына ендіретін бірегей иммерсивті сауда кеңістігі.

Назарымызға таңғажайып аязға оранған ағаштар қимылсыз билеп тұрғандай көрініс ұсынылады. Ертегі жануарларының дауыстары мен табиғаттың жұмбақ тынысы бейне проекциясы және тылсым ағаштардың көлеңкелерімен тоғысқан. Секвойя ағашының нәзік, хош иісі иіс сезімі арқылы қиялымызды жандандырады.

DSC_7219.jpg
DSC_7392_edited.png

Мұның бәрі бірнеше өнер иелерінің арқасында мүмкін болды. Композитор Әлібек Батыров «Сиқырлы Орманның» 4 ерекше көңіл-күйіне баулыйтын 4 музыкалық композиция жазды.

 

Мүсінші Болат Әбдірахмановтың арқасында ағаштар жұмбақ пішінге ие болды.

 

Агенттігіміздің негізін қалаушы және креативті директор Наргиз Магаева @nargiz_magayeva уақытқа бағынбайтын таңғажайып кеңістік идеясын, өнердің барлық түрлерін біріктіре отырып, жеткізді. Бұл кеңістікте барлығы айрықша өмір сүреді. Сіз — бұл ертегінің өз сезімдерімен оңаша қалған бас кейіпкерісіз.

DSC_7145.jpg
DSC_7703.jpg

See You in
         theForest

Saks Fifth Avenue Pop-up Store игі істердің мекеніне айналды. Сатылымнан түскен барлық табыс шала туылған нәрестелердегі ретинопатияны диагностикалау үшін арнайы камера сатып алуға жұмсалады.

 

Ретинопатия — бұл жаңа туған нәрестелер көру қабілетінің жоғалуын болдырмау үшін уақтылы анықтауды және емдеуді қажет ететін ауыр сырқат түрі.

DSC_7224.jpg

Miracles are the reality
of our
Choices

DSC_7229.jpg
DSC_7500.jpg
bottom of page